Құрметті театр көрермендері!
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры қойылымдарымыздың көрермені болғандарыңызға үлкен ризашылығын білдіре отырып, театр мәдениетіне көңіл аударуларыңызды өтінеді.
1.Театр — мәдениет ордасы
Спектакль көруге келгенде спорттық киіммен келмеу, эстетикалық талапқа сай киініп келу
2.Қойылымға белгіленген уақыттан 10 минуттан артық кешіккендер, тіпті билеті бар болған
жағдайдың өзінде кіргізілмейді.
3.Көрермен залына сырт киіммен кіру және бас киіммен отыру орынсыз.
4.Көрермен залында түрлі сусын, тағамдар тұтынбау.
5.Қойылым барысында ұялы телефондарыңызды сөндіріп қою қажет немесе «дыбыссыз»
режимге қойғандарыңыз абзал.
6.Спектакль кезінде залда ары-бері жүруге рұқсат етілмейді. Залда тыныштық сақтап,
айналаңыздағыларға және сахнадағы артистерге кедергі келтірмеуге тырысыңыз!
7.Кешкі сеанстағы спектакльдерге 16 жастан жоғары көрермендер келетінін естеріңізге саламыз.
8.Қатарлар арасынан арқаңызды сахнаға, ал жүзіңізді отырғандарға қарата өткен жөн.
9.Спектакль барысында белгілі заңдар талаптарына байланысты фото және бейнетүсірілімдер
жасауға рұқсат етілмейді.
10.Көрермен залынан тек қойылым біткеннен кейін ғана шығу керектігін еске саламыз.
