


27 қараша күні, сағат 16:00
Басты кейіпкер Аман ақшадан ұтылып жатқан жоқ, ол өз өмірінен ұтылып жатыр. Қазіргі таңда осы құмар ойынның кесірінен отбасылардың ойраны шығып жатыр. Пьесада автордың өзі айтқандай, біз салдармен емес себеппен күресуіміз керек.Ойын өлмей, ойыншылар саны азаймайды.


28 қараша күні, сағат 16:00
«Махаббат алаңы» - café-format музыкалық кеш.
Поэзия.Жанды дауыс.Ерекше атмосфера.
Махаббат әндері мен театр артистерінің жүрек тербер поэзиясы.
«Махаббат алаңы» атты музыкалық композиция - махаббат атты мөлдір сезімді жырға қосып, әсем әнмен әрлеген, жүректерді жақындатқан, көңілдерді тербеген рухани кеш!
Махаббат тақырыбында әсерлі поэзиялық өлеңдер оқылатын, жанды дауыста әндер шырқалар музыкалық кешке асығыңыздар!


12 қараша күні, сағат 18:30
14 қараша күні, сағат 17:00
Жазушы, драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр» атты жаңа қойылымы – бүгінгі таңда белең алып бара жатқан қайшылықтар мен қақтығыстардың көлеңкелі тұстарын суреттейді. Қоғамда жиі кездесетін сатқындық пен арсыздықтың кесірінен шаңырағы шайқалған отбасының тыныс-тіршілігін көрсететін туынды.


МАУСЫМ АЙЫНЫҢ РЕПЕРТУАРЫ!
Маусым айы — жаздың шуақты шуағы төгіліп, көңілге көтеріңкі күй сыйлайтын ерекше мезгіл
Жайма-шуақ күндер мен жылы кештер жанды сергітіп, жаңа әсер мен әсем сәттерге жетелейді
Осындай ғажайып маусымда театр сахнасы да көрерменін әсерлі қойылымдарымен қарсы алуға дайын
А.Тоқпанов театры маусым айында да көрерменге тағылымы мол, жүрекке әсер сыйлайтын, рухани әлемді байытатын спектакльдерін ұсынады.
Әр қойылым — өмірдің терең мәнін сезіндіріп, көрермен көңілінде ерекше әсер қалдыратын өнер туындысы
Театрдағы әр кеш — шынайы сезім мен шабытқа, сыр мен сағынышқа толы ұмытылмас сәт.
Жаздың жайлы кештерін театрмен бірге өткізіңіз!
Өнердің тылсым әлеміне еніп, ерекше қойылымдар мен жарқын кездесулердің куәсі болыңыз
Маусым айының репертуары дайын!
Қызықты қойылымдар, әсерлі сахналық көріністер мен мазмұнды кештер сіздерді күтеді.
Сонымен қатар, 26 маусым күні А.Тоқпанов театрының 90-шы театр маусымының жабылу салтанаты өтеді!
Театр тарихындағы ерекше белеске арналған мерекелік кеште өнерсүйер қауымды әсерлі бағдарлама мен жарқын қойылымдар күтеді
Билеттер театр кассасында және Тикетон сайтында!
Оқушылар мен студенттер – 1000 тг
Үлкендер – 2000 тг
Премьера күнгі билеттер – 2000 тг
оқушылар, студенттер — 1000 тг
үлкендер — 2000 тг
КАССА: +7 7262 45-79-89
Билет алу үшін төмендегі сілтемені
басыңыз:
Жаңалықтар
«АМАН. СЕНІМДЕР СӨНГЕНДЕ» ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ
АСҚАР ТОҚПАНОВ ТЕАТРЫНЫҢ 91-ШІ МАУСЫМЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ!
ТЕАТР ҰЖЫМЫНА ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
ПРЕМЬЕРА! «АМАН. СЕНІМДЕР СӨНГЕНДЕ»
91-ШІ ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫ АШЫЛАДЫ!
«Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі»
Ақпан айының репертуары!
А.ТОҚПАНОВ ТЕАТРЫ – АЛМАТЫДА!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық
академиялық қазақ драма театры
Биыл республикамыздың театр өнері саласында өзіндік орны, бай шежіресі мен терең тарихы бар театрымыз өзінің 90 жылдық және қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері, актер, профессор, Қазақстанның халық артисі Асқар Тоқпановтың 110 жылдық мерейтойын тойлауды жоспарлауда.
90 жыл — айтуға жеңіл болғанымен мазмұны кітапқа сыйғысыз қаншама ғұмыр жатыр десеңізші?! Қаншама аға буындар ауысты. Қаншама бейнелер сахналанып,қаншама тер төгілді. «Тоқсан жыл» десе, көз алдыңнан кино тізбегіндей, бүкіл бір толық тарих баян бергендей әсерде қаласыз. Бұл театрға кімдер келіп, кімдер кетпеді? Әр қайсысы бір-бір кітап. Режиссерлер, актерлер, драматургтер, сыншылар, т.б. Сахнада небір пьесалар, характерлер, образдар, сюжеттер, композициялар, инсценировкалар, жанрлар жол тапты. Олардың да жетістіктері мен кемшіліктері болмады емес, болды. Тарих қойнауына айналды.
Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шымылдығы 1936 жылы 16 наурыз күні Бейімбет Майлиннің «Келін мен шешей» және театрдың тұңғыш директоры Қ.Қырқымбаевтың «Келіншек» атты бір бөлімді комедиясымен ашылды.










