«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

 

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бас маманы – заңгер Т.Кибат, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әкімшілік басқару және шығармашылық құрамына жиын өткізді.

 

Басқарманың бас маманы – заңгер Кибат Толганай баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа жалпы сипатарын, осы Заңда қамтылатын кейбір ұғымдарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын түсіндіріп айтты. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты мекемелер арасында ағымдағы жылдың тамыз – қыркүйек айларында ішкі талдама жұмыстары болатыны туралы, ол бойынша алдынала хабарлама берілетінін ескертіп, талдамалық анықтаманың жазылу тәртібімен өткізілу мақсатын түсіндірді.