2026 жылғы 31 тамызда А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театрында театр ұжымының қатысуымен жалпы жиналыс өтіп, қызметкерлерге маңызды бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жиын барысында  еңбек қауіпсіздігін сақтау,  құқықтық сауаттылықты арттыру,  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 Жұмабеков Болатбай Балтабайұлы, директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, қызметкерлерге  техникалық қауіпсіздік талаптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Биялиева Айсұлу Бақытқызы, кадр бөлімінің инспекторы,  «Заң мен тәртіп» қағидаттары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу бағыттары бойынша ақпарат берді. Қызметтік міндеттерді орындау барысында заң талаптарын сақтау, адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын ұстану қажеттігі түсіндірілді.

Сатыбалдиев Берік Құрманғалиұлы, өрт қауіпсіздігі қызметі бөлімінің жетекшісі, өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша қызметкерлерге ақпарат беріп, төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт болған жағдайда әрекет ету тәртібі және қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиын барысында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, қауіпсіздік талаптарын сақтау мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету әрбір қызметкердің ортақ жауапкершілігі екені айтылды.

 Қауіпсіз еңбек ортасы, заңға құрмет және жауапкершілік – ұжымның тұрақты әрі тиімді жұмысының басты негізі.

А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театры