Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театрының артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері.
Алимбетова Майра Жалмұханбетқызы 1952 жылы 16 шілдеде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.
1978 жылы Москва қаласындағы Щепкин атындағы Жоғары театр училищесін бітірген соң, Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің жолдамасымен 1978-1981 жылдары Торғай облыстық драма театрында актриса қызметін атқарған.
ОЙНАҒАН РОЛЬДЕРІ:
— С.Сматаев пен Т.Теменовтің «Көгілдір таксиіндегі» — Мариям;
— И.Содиковтың «Әпендінің бес қатынындағы» — Фатима;
— Б.Соқпақбаевтың «Қожанасыр келе жатырындағы» – Ана;
— М.Томанов пен М.Ахмановтың «Екі досындағы» — Ешкі;
— Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегіндегі» — Алима;
— Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтарындағы» — Ана;
-А.Бекбосынның «Домалақ енесіндегі» — көпшілік сахнасы рольдерін және басқа да бейнелерді сомдады.
-М.Әуезовтің «Қаракөзіндегі» — Қаракөз:
-М.Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыландысында» — Қарлыға;
— Ә. Қалдыбаев «Сәлім – Сәлимасында» — Сәлима;
— Б. Әбілдаевтың «Төле би» тарихи драмасында- Ана,
-М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясында — Еңлік,
-С.Тоқбалаевтың «Палатасында» — Дана;
— У.Шекспирдің «Гамлетіндегі» — Гертруда;
-У.Шекспирдің «Ричард-ІІІ-індегі» — Елизавета;
— Д.Исабековтің «Әпкесіндегі» — Гауһар, Қамажай;
— Д.Исабековтің «Кішкентай ауылда» — Шәмсия;
— С.Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдымда» — Айгүл;
— Еврепидтің «Медеясында» — Сүтана;
— Б.Жакиевтің «Әке тағдырында» — Зуһра;
— Ш.Айтматов, М.Шахановтың «Сократ түні»- Ғалия, Бақыт, Айдай рольдерінде
— А.Мирзагитовтың «Баласын күткен боздақтарында» — Залифа;
— А. Жағанованың «Беймаза әйелінде» — Айша;
— К. Баялиевтің «Оралуында» — Лиза;
— М.Хасиновтың «Жас жұбайлар әнінде» — Зәуреш;
— Б.Әбілдаевтің «Айша бибісінде» — Бабаәжі;
— Е.Әлімжановтың «Жанталасында» — Сәнім;
— Е.Әлімжановтың «Бір қазаққа – бір қатынында?..» — Әнапия;
— Е.Әлімжановтың «Тақталасында» — Оля;
— Ә.Тауасаровтың «Махаббат аралында» — Айна;
— Ш.Мұртазаның «Жалғыз үйлік зіл-заласында» — Садуғаш;
— Т.Нұрмағанбетовтың «Кемпірлер үкімінде» — Айгүл;
— А.Арбузовтың «Ойнақтаған от басарында» — Қыз;
— А. Чеховтың «Ивановта» — Сашенька;
— Ш.Хұсайыновтың «Алдаркөсесінде» — Қарашаш;
— Г.Боровиктің «Буэнос-Айрестегі интервьюінде» — Клара Фастос;
— О.Иоселианидің «Арбаның ізіменде» — Ланда;
— Ю.Егоровтың «Азап вагонында» — Машенька;
— Қ.Найманбаевтың «Ерлі зайыптылар және басқаларда» — Әсем;
— У. Шекспирдің «Дуалы түнгі думанда» — Гермия;
— Қ. Мұхамеджановтың «Біз періштеміз бе?» — Асыл;
— Х.Ерғалиев пен М.Ысқақовтың «Құрманғазысында» — Александра;
— А.Жағанованың «Беймаза әйелінде» — Айша;
— К.Баялиевтің «Оралуында» — Лиза;
— С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншегінде» — Гүлбаршын;
— Т.Дүйсебаевтың «Желтоқсан жаңғырығында» — Автор;
— Иран-Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» — Әйгерім;
— И. Сапарбайдың «Ауылдан келген аруында» — Гүлдана;
— С. Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» — Башорот;
— М. Байжиевтің «Құдаларында» — Көкіш,
— Д.Гаринойдың «Ренальдо шықтыда» — Агата және т.б. көптеген рольдерді сомдады.
— С.Сматаев пен Т.Теменовтің «Көгілдір таксиіндегі» — Мариям;
— И.Содиковтың «Әпендінің бес қатынындағы» — Фатима;
— Б.Соқпақбаевтың «Қожанасыр келе жатырындағы» – Ана;
— М.Томанов пен М.Ахмановтың «Екі досындағы» — Ешкі;
— Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегіндегі» — Алима;
— С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркегіндегі» — Розабану;
— Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтарындағы» — Ана;
— Б.Бекжановтың «Айша бибісінде» — Гүлханның тәлімгері – Шербет;
— Б.Жакиевтің «Жүрейікші, жүрек ауыртпай!» трагикомедиясында — Сыпайы кемпір;
— М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» траги-фарсында – Ғалидың анасы және тағы басқа бірқатар шығырмаларда негізгі рольдерді сомдап келеді.
М.Әлімбетова, сондай-ақ, театр репертуарындағы Қ.Қасымовтың «Шер-Хан» драма-элегиясында, С.Пірмановтың «Ұлт ұстазы» символикалық композициясында, Ш.Айтматовтың «Жәмилә» лирикалық драмасында, Р.Отарбаевтың «Құсалық» драмасында көпшілік сахнасы бейнелерін шебер сомдап, көрермендер көзайымына айналған талантты ардагер актриса.
Актриса Майра Әлімбетова қоғамдық жұмыстарға да араласып, облыстық және қалалық мәдени іс-шараларға белсенді атсалысады.
М.Әлімбетова ұзақ жылдардан бері Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының мүшесі, әрі М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті ретінде, актрисалық өнерімен және шығармашылық жұмыстарымен қатар, оқытушылық қызметпен де айналысып, театр өнері саласына шәкірт тәрбиелеуді негізгі қызметімен ұштастыра атқарып келе жатқан ұлағатты ұстаз.
Ардагер актриса 1986 жылы Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің арнайы Дипломымен марапатталды. 1996 жылы Жамбыл облысы әкімінің «Тараз рухы» сыйлығының, сондай-ақ, Москвадағы «Әлем халықтары өнері» ассоциациясының лауреаты атанды.
1998 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген артисі атағына ие болды. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хатымен», 2019 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен т.б Диплом, Алғыс хаттармен марапатталды.
Өзінің саяси білімін үнемі жетілдіріп отырады. «Нұр Отан» ХДП-ның бастауыш ұйымы жетекшісі қызметін белсенділікпен атқарғаны үшін 2007 жылы «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2011-2013 жылдары Жамбыл облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі қызметін атқарып, театрдың шығармашылық толысу дәрежесінің артуына көп үлес қосты.
2023 жылдың қыркүйек айында Майра Жалмұханбетқызының 70 жас мерейтойы мен сахнадағы шығармашылық еңбегінің 50 жыл толуына орай, «Мендік әлем-сұлу өнер сәніндей!» атты шығармашылық өнер кеші ұйымдастырылып өткізілді.
Актриса М.Әлімбетова 70 жас мерейтойы қарсаңында Қазақстанның Мәдениет министрі А.Балаеваның «Құрмет» Грамотасымен, Ч.Базарбаев атындағы қоғамдық қордың басқарма төрағасы, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Н.Н.Токоевтің «Құрмет» грамотасымен, Қазақстан театр қайраткерлері Одағының төрағасы Т.Жаманқұловтың «Театр өнеріне сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Тараз қаласының «Құрметті ардагері» төсбелгісімен, «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы кеңесінің шешімімен «Бауыржан Момышұлының Батыр Шапағаты» медалімен т.б көптеген Диплом, Алғыс хаттармен марапатталды.
2025 жылы ардагер актриса М.Әлімбетова сахна өнеріндегі кәсіби актерлік шеберлігі мен орасан жетістіктері, театр қызметіндегі үзіліссіз еңбегі үшін «21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері» күніне орай, ҚР Президентінің «Құрмет» орденімен марапатталды.
Актриса Майра Әлімбетова бүгінгі таңда театр репертуарындағы көптеген қойылымдарда өзіне бекітілген рольдерді нақышына келтіре шебер сомдап жүрген ардагер актриса. Отбасылы, балалары мен немерелерінің өнегелі анасы, әжесі.
