Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Асқар Тоқпанов Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй. Тел. (87262) 45-29-68, 45-53-25.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: сахналық өнер көрсету арқылы халықтың рухани, эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру және қалыптастыру болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдарын пайдалана отырып жобалау, құрылыс, ақпараттық қызмет көрсету, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру, метрологиялық қамтамасыз ету, техникалық бақылау жөніндегі ғылыми-техникалық қызмет саласындағы жұмыстарды орындайды;
әдістемелік және нормативтік құжаттарды, техникалық құжаттаманы, сондай-ақ әзірленген жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлейді;
техникалық-экономикалық талдау жүргізеді, қабылданатын және жүзеге асырылатын шешімдерді кешенді түрде негіздейді, жұмысты (қызметті) орындау циклін қысқарту мүмкіндігін іздестіреді, оларды орындау процестерін дайындауға, ұйымның бөлімшелерін қажетті техникалық деректермен, құжаттармен, материалдармен, жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал жасайды;
ұйымның (ұйым бөлімшелерінің) жобалары мен бағдарламаларын зерттеу, әзірлеу жөніндегі жұмыстарға, жабдықты сынақтан өткізуге және оны пайдалануға енгізуге байланысты іс-шараларды жүргізуге, сондай-ақ техникалық құралдарды, жүйелерді, процестерді, жабдықтарды және материалдарды стандарттау жөніндегі жұмыстарды орындауға, техникалық құжаттаманы қарауға және орындалатын жұмыс мәселелері жөніндегі қажетті шолуларды, пікірлерді, қорытындыларды дайындауға қатысады;
ақпаратты, техникалық деректерді, жұмыстың көрсеткіштері мен нәтижелерін зерделейді және талдайды, оларды қорытындылайды және жүйеге келтіреді, қазіргі заманғы электрондық-есептеу техникасын пайдалана отырып қажетті есептерді жүргізеді;
жұмыс кестесін, тапсырыстарды, өтінімдерді, нұсқаулықтарды, түсіндірме жазбаларды, карталарды, схемалары, өзге техникалық құжаттарды, сондай-ақ бекітілген нысандар бойынша және белгіленген мерзімдерде белгіленген есептіліктерді жасайды;
жобаларды және бағдарламаларды, жоспарларды және шарттарды жүзеге асыру кезінде әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
техникалық құжаттаманы сараптауды, жабдықтың жай-күйін және пайдалануды қадағалауды және бақылауды жүзеге асырады;
белгіленген талаптарды, қолданылып жүрген нормаларды, тәртібіды және стандарттарды сақтауды қадағалайды;
жұмыскерлердің ғылыми-техникалық білімдерін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
шығармашылық бастаманы, рационализацияны, өнертапқыштықты дамытуға, отандық және шетелдік ғылымның, техниканың жетістіктерін ендіруге, ұйымның тиімді жұмысын қамтамасыз ететін алдыңғы қатарлы тәжірибені пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Білуі тиіс: ұйым қызметінің бағыты бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;
ұйымның (ұйым бөлімшелерінің) техникалық даму перспективалары және қызметінің ерекшеліктері;
әзірленетін және пайдаланылатын техникалық құралдардың, материалдардың техникалық сипаттамалары, конструктивтік ерекшеліктері және олардың қасиеттері;
есептеу техникасының, коммуникациялардың және байланыстың қазіргі заманғы құралдары;
зерттеу әдістері, жұмыстарды орындау тәртібі мен шарттары;
техникалық құжаттамаға, материалдарға, бұйымдарға қойылатын негізгі талаптар;
техникалық құжаттаманы жасау және ресімдеу жөніндегі қолданыстағы стандарттар, техникалық шарттар, тәртібі мен нұсқаулықтар;
техникалық есептерді жүргізу және зерттеулер мен әзірлемелердің экономикалық тиімділігін айқындау әдістері;
ғылым мен техниканың жетістіктері, қызметтің тиісті саласындағы алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибе;
экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
I санатты инженер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және II санатты инженер лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс өтілі;
II санатты инженер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және санатсыз инженер лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі;
санатсыз инженер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және І санатты техник лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй, кадр бөлімі, тел. 45-53-25.
Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
Еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.
Конкурс өтетін күні: 2026 жыл 14 — қазан
Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй.
Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.
