АСҚАР ТОҚПАНОВ ТЕАТРЫНЫҢ 91-ШІ МАУСЫМЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ!
Мерекелік іс-шара арнайы дайындалған мәдени бағдарламамен өріліп, жаңа маусымның мән-маңызын айшықтаған театрландырылған көрініспен жалғасты.
Салтанатты кеш барысында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Жүнісбай Ерлан Нұрманұлы театр ұжымын жаңа маусымның ашылуымен құттықтап, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тіледі.
Мерекелік бағдарламадан кейін көрермендер театрдың Үлкен залына жиналып, жаңа маусымның алғашқы қойылымы — Р.Отарбаевтың «Сұлтан Бейбарыс» тарихи драмасын тамашалады.
Осылайша, театрдың 91-ші маусымы өнер мен тарих тоғысқан тағылымды кешпен өз шымылдығын ашты.
Жаңа маусым — жаңа шығармашылық ізденістердің, жаңа қойылымдар мен көрерменмен жаңа кездесулердің бастауы.