«АМАН. СЕНІМДЕР СӨНГЕНДЕ» ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ
29 қыркүйек күні Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театрының сахнасында «Аман.сенімдер сөнгенде» психологиялық драмасының премьерасы өтті.
Қойылым құмар ойынға тәуелділіктің адам өміріне, отбасы мен жақындарының қарым-қатынасына тигізетін кері әсерін арқау етеді. Спектакль арқылы көрерменге адамның өз әрекетіне жауапкершілігі, жоғалған сенім, отбасы құндылығы және қиын жағдайдан шығудың жолын іздеу мәселелері ұсынылды.
Қойылымның авторы — театрдың жас артисі Азамат Тұраров.
Қоюшы-режиссері — Аякөз Абдраманова.
Қоюшы-суретшісі — Аружан Адырбек.
Премьера барысында көрермендер қойылымды жылы қабылдап, шығармашылық ұжымға өз ризашылықтарын білдірді.
