«АМАН. СЕНІМДЕР СӨНГЕНДЕ» ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ
29 қыркүйек күні Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театрының сахнасында «Аман.сенімдер сөнгенде» психологиялық драмасының премьерасы өтті. Қойылым құмар ойынға тәуелділіктің адам өміріне, отбасы мен жақындарының қарым-қатынасына тигізетін кері әсерін арқау етеді. Спектакль арқылы көрерменге адамның өз әрекетіне жауапкершілігі, жоғалған сенім, отбасы құндылығы және қиын жағдайдан шығудың жолын іздеу мәселелері ұсынылды. Қойылымның авторы — театрдың жас артисі Азамат Тұраров.Қоюшы-режиссері — Аякөз Абдраманова.Қоюшы-суретшісі — ...
АСҚАР ТОҚПАНОВ ТЕАТРЫНЫҢ 91-ШІ МАУСЫМЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ!
Мерекелік іс-шара арнайы дайындалған мәдени бағдарламамен өріліп, жаңа маусымның мән-маңызын айшықтаған театрландырылған көрініспен жалғасты. Салтанатты кеш барысында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Жүнісбай Ерлан Нұрманұлы театр ұжымын жаңа маусымның ашылуымен құттықтап, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тіледі. Мерекелік бағдарламадан кейін көрермендер театрдың Үлкен залына жиналып, жаңа маусымның алғашқы қойылымы — Р.Отарбаевтың «Сұлтан Бейбарыс» тарихи драмасын тамашалады. Осылайша, театрдың 91-ші маусымы өнер ...
ТЕАТР ҰЖЫМЫНА ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
2026 жылғы 31 тамызда А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театрында театр ұжымының қатысуымен жалпы жиналыс өтіп, қызметкерлерге маңызды бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиын барысында еңбек қауіпсіздігін сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жұмабеков Болатбай Балтабайұлы, директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, қызметкерлерге техникалық қауіпсіздік талаптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жұмыс барысында ...
ПРЕМЬЕРА! «АМАН. СЕНІМДЕР СӨНГЕНДЕ»
«Бәрін қайтарамын…» Адам бұл сөзді өзіне қанша рет айта алады? Бір рет ұтылса — тағы бір рет ойнайды. Тағы ұтылса — ұтылғанын қайтарғысы келеді. Ал бір сәтте… ол ақшасын емес, өз өмірін жоғалта бастағанын түсінбей қалады. 29 қыркүйекте Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театрының сахнасында — «Аман. Сенімдер сөнгенде» психологиялық драмасының премьерасы! Бұл қойылым — құмар ойынға тәуелділікке шырмалған бір адамның ғана ...
91-ШІ ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫ АШЫЛАДЫ!
Құрметті Тараз қаласының көрермендері мен қадірлі қонақтары! Сіздерді өнер мен тарих, тағылым мен толғаныс тоғысатын ерекше кешке шақырамыз! Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театры 91-ші маусымын салтанатты мерекелік бағдарламамен бастайды. Кештің көркемдік өзегіне айналған қойылым: 18:30 — Рахымжан Отарбаевтың «Сұлтан Бейбарыс» спектаклі. Бұл — жай ғана қойылым емес. Бұл — тарихпен тілдесу. Бұл — баба рухын сезіну. Бұл — сахнадан өз болмысыңды ...
«Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі»
Қоғамда заң үстемдігін қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігі мен Ішкі істер министрлігі дайындаған әлеуметтік бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз. Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың және қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызды кепілі. Қаржылық заңбұзушылықтарға қарсы тұру – әр азаматтың жауапкершілігі. Заңды білу – қауіпсіз әрі әділетті қоғамның кепілі. Сілтемелері: https://youtu.be/q633B_ySiH0?si=KJxnnG95KzhA9O_P https://youtu.be/FMIh8MsEZ8c?si=oC_K57jeLKswtH8Y https://youtu.be/5YM9LUHoR44?si=aTtICzjZd-eeLIVR https://youtu.be/Lk8IeuNZwqY?si=YDcM6l_7QNyU95cx https://youtu.be/QufX4iYXkLc?si=bK-XmqeG_gC3AjlL https://youtu.be/dEubdefceJs?si=WPl4s8Ta3eaCZBLP https://youtu.be/e09U-e3U5uE?si=VD13mV8CFkDV9hbo https://youtu.be/UE_uAUHsgd0?si=aM_u8ng9Cfx_yqIw https://www.facebook.com/share/v/17eaUYe9Kh/ https://www.facebook.com/share/v/1AXw9NPbrz/ https://www.facebook.com/share/v/1AFuWvLiC4/ ...






